"Үміт үзгім келмейді" атты хикаят-монолог, Қазақстан Республикасының ардақты жазушысы-әдеби аудармашы Немат Келімбетовтың өмірі туралы жазылған. 35 жасында бел жүйкесіне жасалынған операция салдарынан төсек тартып, аяқ-қолының жаны кеткен еді. Өмірлік жаны Қуанышқа, туған балаларына деген ыстық махаббат, өмірге деген құштарлық, туысқандарының, достарының көмегі мен жамандықтары бұл кітапта әдемі әдеби тілмен көркемделіп жазылған. Бір рет қана берілет бұл өмірде қандай да болмасын ауру дерктке қарамай, еліне, жанұясына пайда көрсету, үміт шамын сөндірмеу қазақ елінің азаматына сайт болатын қылық екенің кітап парақтарынан айқын көруге болады.
Өмірге деген құштарлық, таза махаббат, азаматтық борыш, достық... Бұл кітап өмір туралы, оны айналдырып отырған орта туралы жүйке операциясынан кейін мүгедек болып, өмір оты жанып тұратын 35 жастан кейінгі азаматтың өмірі туралы. Аяқ-қолдан айырылған, төсек басып, тірі жүріп, көрде жатқандай жағдайдағы адамның өмір туралы толғаулары, ойлары, жанұясы мен достары туралы хикаят-монолог. Адамның қандай болмасын қиыншылықтарына түссе де деген өмірге, махаббатқа, еліне деген сүйіспеншілігінің жеңісі туралы. Көркем, әдеби тілмен жазылған, қазақ тілінің сан алуан сөз тіркестері мен қаннатты сөздерімен ұштастырылған бұл шығарма оқырманның көңілінен толығымен шығатыныңа толық сенемін. Хикая ортасына түсіп, автормен бірге эмоция бөлісу оқырманды шығарманың басынан аяғына дейін зейін бөліп отырғызады. Оқуға лайық, оқу керек деген кітаптар тобына ену үшін құқылы кітап.