Бұл кітапты еш ойсыз, жоспарламай, жәй бастай салған едім, біраң соңғы кездегі жасаған ең дұрыс шешімдерімнің бірі екенін түсіндім. Негізі бұрыннан бері, жақындарым білер білмес, әсіресе сонғы уақытта менің қазақша тарихи проза, романдарға махаббатым шексіз. Бұл кітаптан кейінгі сезімдерімді сөзбен жеткізу шынымен қиын екен, жаным сол жақта, сол дала, сол ауылда қалып койғандай сезілді. Өте әдемі, әсерлі жазылған, кайғылы жерінде жылап, кейбір бақытты сәттерінде, күліп те алдым. Оқиға барысында жаным бір жағынан ауырса, екінші
жағынан осы әйелдерге, олардың шыдамдылығына,
махаббатына, өмірге деген құштарлығына тәнті болдым. Олар үшін өмір бал сияқты тәтті емес, көбіне жусандай ащы болған. Бірақ солай бола тұра, олар махаббатын да, үмітін де, күлкісін де жоғалтпаган.
Оқып отырып бір түсінгенім: біз бүгін еркін, тыныш
өмір сүріп жатырмыз, өйткені бізден бұрынғылар осындай ауыр жолдан өтті. Олардың әр қадамы, әр көз жасы - біздің бүгінгі күнімізге әкелген жол. Сондықтан өз тамырыңды білу, әжелеріңнің, апаларыңның тағдырын есте сақтау - бұл өзіңді танып, өзіңнің қайдан келгеніңді сезіну. Менің ойымша бұл кітапты әрбір қазақ қызы оқуы тиіс.