Бұл кітапта Қаныш Сәтбаевтың болмысы мен өмір жолы, ғылымдағы жанқиярлық еңбегі экзистенциалды талдау арқылы сараланады. Әсіресе, 1946 жылы құрылған Қазақ Ғылым академиясының тарихы мен жетістіктері жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаевпен қатар ғылым майданында жүрген серіктестері – М. Әуезов, Ж. Шаяхметов, Ш. Шөкин, Ш. Есенов, Е. Бөкетов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев туралы да маңызды деректер ұсынылады.
Бұл еңбектің Қаныш Сәтбаевқа арналған өзге кітаптардан басты ерекшелігі – кейіпкердің өмірбаянын толық баяндауды мақсат етпейді. Оның орнына, Сәтбаевтың кейбір шешімдері мен іс-әрекеттері экзистенциалды талдау, онтология, логотерапия және феноменологиялық әдістер арқылы түсіндіріледі.
Кітап қазақ мәдениеті мен дүниетанымына, сондай-ақ ұлт зиялыларының өмір жолына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.