What do you think?


Сүйекші
Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты планда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жүрт ішінде жүрген, бірақ сол жүрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген «Сүйекші» повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс- тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберлігі болса керек, адамдар арасындағы осындай «Үндемес» жандардың басындағы мұң-зарды, трагедияны бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмыры арқылы бере білген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
74 pages, Paperback
Published July 15, 2024
Ratings & Reviews
Friends & Following
Create a free account to discover what your friends think of this book!
Community Reviews
Displaying 1 - 2 of 2 reviews
March 10, 2026
Арасында өксіп бір жылап алады екенсің. Бұл шығарманы экзистенциалды деп атау қисынды болғанымен хикаяттың орнымен абсурд философиялық сәттері бар, сонысымен мені тіптен қызықтырған болатын. Қазақтың шығармалары осындай ғой, ауыр өмірдің баяндары, қоғамның тоқталмайтын қақтығыстары мен жәбірленушілікке толы. Бірақ сонысымен де оқиғаның соңына дейін арбап, мөлдір сөздерімен баурап алады ғой шіркін.
Read
January 13, 2026өліп жыладым
Displaying 1 - 2 of 2 reviews



