Jump to ratings and reviews
Rate this book

Гауһар тас

Rate this book
Дулат Исабековтың бұл повесі қазақтың халық әнімен аттас. Бірақ аты ғана ұқсамайды, бар болмысымен, сарынымен де салған әнге ұқсайды. Бір-біріне қарама-қайшы мінездердің бір шаңырақ астына жиналуынан пайда болған жағдаяттар баяндалып, сол аралықтағы көңілдер, сыртқа шыққан-шықпаған сезімдер бірте-бірте шашақталып, оқырман назарына ақырын-ақырын ілініп, тек соңында ғана толығымен айқара ашылады. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

102 pages, Paperback

Published April 15, 2020

Loading...
Loading...

About the author

Дулат Исабеков

7 books8 followers

Ratings & Reviews

What do you think?
Rate this book

Friends & Following

Create a free account to discover what your friends think of this book!

Community Reviews

5 stars
7 (46%)
4 stars
7 (46%)
3 stars
1 (6%)
2 stars
0 (0%)
1 star
0 (0%)
Displaying 1 - 5 of 5 reviews
Profile Image for Жанерке.
17 reviews1 follower
March 16, 2026
Дулат Исабековтың кітабын оқығанда, суретшінің көгілдір аспанның сұлулығын қаншалықты анық бейнелегісі келгендей, оның да сөзімен бейнелеген сондай көркем әрі айқын шығармалары айналамдағының бәрін ұмыттырып, біраз уақытқа көңілімді баурап алады.
Салтанаттың осындай нәзік тұлғасының сонша жәбір көргені жанымды қатты қынжылтты. Әттең, осындай ауыр тағдырдың шын өмірде бар екені ғана емес, оның көпке таңсық еместігі жанды тіпті ауыртады.
Бір ұнамайтыны бұл қазақ тілді кітаптардың, көбіне қазақтардың жүріп-тұруын сипаттайтын осындай тұрмыс туралы шығармалардың әйел қауымын сипаттағанда өте сүйкімсіз сын есімдерді қолданатыны. Мысалға алсақ,
– “Шағаланың қанаты тәрізді қиылған қастары ұйқысынан жаңа оянған жас баладай бейкүнә, пәк жүзіне ерекше бір сұлулық пен нәзіктік сеуіп тұр”;
– “…келіншектен гөрі, кәмелетке жаңа толып, тұңғыш рет биге барған жас қызға көбірек ұқсайтын еді”;
– “…сәби сезімді менің жеңешем әнші де екен-ау”.
Осылардан басқа тағы да қызды сәбиге теңестіретін біраз сөйлемдер бар. Әрине, бұның бәрін жиып көрсете алсам да, айтқан затым бәріне бәрібір баяғыдан әйгілі…
Profile Image for Dori.
118 reviews
April 5, 2026
Мектеп кезінде оқыған шығармалардың бірі. Бірақ, бұл мектеп бағдарламасына кірмейтін еді. Өзім кітапханадан іздеп алып бір ай бойы асықпай оқып шықтым, аптасына бір сағаттай жұмсап. Бірнеше рет жылап та қалдым.

I noted several things while I was reading the book in 2024:
- toxic masculinity preventing you from building healthy relationships with people
- kindness is not weakness
- showing love is necessary
- you can die at any moment so do what you really want to do and get the most out of life
- always be gentle with those who you cherish
- always be understanding of people and their situations in life and never judge them no matter how wrong they are
- cold and unavailable people want and need love too
Profile Image for moldir.
1 review
August 25, 2026
Осы кітапты кездейсоқ ұтып алғаннан бері оқимын деп жүріп бүгінгі кешімді арнадым.

Мектеп кезінен қазақша оқып тұрған туынды болса да тез әрі жеңіл біттім. Мен үшін қатты әсерлі болды, соңында дыбыстап жылап жібердім. Расымен де, арада қанша уақыт өтсе де бұл көрініс өмірімізде әлі де қайғыртады.
2 reviews
July 22, 2026
Кітапты 2 күнде оқып тастадым. Өте әсерлі, эмоцияға толы туынды. Оқылуы жеңіл. Оқуға кеңес беремін.
Profile Image for Hinata Hyuga.
69 reviews18 followers
September 18, 2025
Осы повесть бойынша 1975 жылғы кино да бар. сол кино кішкене кезінде әбден есте қалыпты, өзінің атым Салтанат болғасын ба... Жанна Қуанышева қандай әдемі.

бірақ кішкентай болдым ба, дұрыс түсінбеппін. енді кітапты оқып әбден толғандым. сезім, түсінушілік, ұят, өмірге деген махаббат, бәрі қалай араласады өмірде.
Displaying 1 - 5 of 5 reviews