Жазушы Дулат Исабековтың "Дермене", "Бекет" повестері жинақталған. Екі шығарма да оқырманның көңілін босатып, жан дүниесін тербейтін сезімге толы туындылар.
- Қазақ тілі курстарын жабу арқасында өткен жылы-ақ қазақша кітап оқуға деген ынтам оянған еді. Алайда, шағын туындыларды есепке алмағанда, бұл ұзақ уақыттан бері толық оқып шыққан алғашқы қазақша кітабым. Шын мәнінде, жинақтағы қос шығарма маған туған үйімді еске түсірді: біріншісі әкемнің өнегесін алдыма әкелсе, екіншісі анамның сөздерін еріксіз ойыма салды. "Дермене" хикаятындағы арам еңбектің түбі қайырсыз деген тәмсіл әкемнің mottoсы деп айтсам болады. Ал "Бекеттегі" бауырдан артық ешкім жоқ деген ой анамның әр кездескен сайын құлағыма құятын ақылы :)