Тас түйін тарпаң мінез тарлан тарихтың тақтасында тағылым із қалдырған, талай тартыс-сын тудырған "Тар жол, тайғақ кешу" - Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрзі етік күрескер ерлер мен еңбекші елдің елең-алаң өмірін өзек етеді.
"Тар жол, тайғақ кешу" - еркіндік аңсап ерте тұрған ер-азаматтардың тағдыр тауқыметін тайға таңба басқандай бедерлі күйде суреттейді.
"Тар жол, тайғақ кешу" - ел өмірін революциялық таным тұрғысынан сипаттаған щығарма.
Saken Seifullin (Kazakh: Сәкен Сейфуллин) (15 October 1894 – 28 February 1939) was a pioneer of modern Kazakh literature, poet and writer, and national activist. Founder and first head of the Union of Writers of Kazakhstan, he was the author of controversial literature calling for greater independence of Kazakhs from Soviet and Russian power. He met repression and was executed in 1939. The Soviet government posthumously rehabilitated him during de-Stalinization.
💡 Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу" роман-эссесіне қысқаша шолу. 🥀Ең біріншіден роман-эссе дегеніміз не? Роман - бір не бірнеше кейіпкердің қиын, әдеттен тыс өмір периодында дамуын көрсететін, өмірін баяндайтын әдеби жанр. Ал эссе - ғылыми мақала мен әдеби очеркке жақын, автордың бір мәселеге көсқарасын білдіртетін әдеби жанр. "Тар жол, тайғақ кешу" туындысы жайдан жай роман-эссе деп аталған жоқ, роман тұрғысынан Сәкенді және оны қоршаған адамдарды кейіпкер ретінде ашып, 1917-1923 жылдары Рессейде болған азамат соғысына білдіретін көзқарасы мен келтірген дәлелдері (газеттерден кесінділер) де бар. 🥀 Сәкен Сейфоллаұлының туындысында Сәкеннің большевик болуынан қуғынға ұшырауы туралы, қалай абақтыда жатқаны, Атаман Анненковтың отрядының қолында болғаны, "азап вагонында" азап шеккенін, омбы лагерінде болғанын, одан қалай қашып шыққанын Сәкен өз атынан баяндайды. Негізінен, мен тізіп шыққан мяселелер кітаптің 200 бетінде ашылып суреттеледі, ал қалған 300 беті - "19-31 жас аралығындағы қазақтарды солдатқа алу" туралы жарлықтың қабылдауынан кейінгі xалықтағы көтерілістер, "Алашорданың" және совдептің құрылуы, газеттер және тағы басқа зеріктіретін мағұлматтар. Бұл кітаптің эссе жағы. Осы жерде өзіме жасаған қорытындым: адамға роман көбірек ұнайды және көбірек қабылданады. 🥀 Кітапты оқымай тұрып мен: 1. Бұл кітап тек қазақ зиялыларын қуғынға ұшырауы туралы 2. Сәкен Сейфуллин Алашқа мүше 3. Алаш қарапайым xалықтың жағдайын біліп, білгісі келіп xалықпен бірге автономияны билейді. Бұл "әбестіктер" менің Қазақстан тариxын жақсы оқығамағанымнан шығар... Шыныда: 1. Абақтыға Сәкенмен бірге тек 6 қазақ қамалды, көбісі орыс. 2. Сәкен Сейфуллин Алашқа қарсы 3. Большевиктер, совдеп, Сәкеннің қоршауындағы адамдар - қарапайым xалық үшін жанталасқан. Сәкен ағамыздың маған тағы да бір ұнаған қасиеті: сол жылдары дерлік барлық қазақ намаз оқығанда Сәкен оны оқымаған. 🥀 "Беретін асы - ылғи қара су мен сырты күйік, іші шикі қара нан. Бұған да онша жүдемес едік. Жүдететін темір шынжыр. Жүдететін - күн сайын алып отырған "атады" деген xабары." 🥀"Кеңшілікте бұрын "жақсы" деп жүрген талай кісінің тар жол, тайғақ кешуде адамшылығы жоқ болып шығуы мүмкін."