«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүнне, атақ-мансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі асқан шеберлікпен, әрі әсерлі бейнеленген. Білім, өнер, иман сынды шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам басына келетін кесапаттың жойқын болатыны кітап астарында жасырылған ой мәйегіндей.